7 – сәуір дүниежүзілік денсаулық күні. Осыған орай, облыстың барлық аудандарында іс- шаралар ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі Мойынқұм аудандық ауруханасында өткен «Көңілді старт» спорттық эстафеталық ойындары.
Аудандық орталық аурухана ұжымының бастамасымен өткен шарада түрлі бөлімше қызметкерлері арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру, секіру, жүгіру және асық ату сынды спорт түрлерінен өзара бақ сынап, ептілік пен жылдамдықтарын көрсетті. Қатысушылар арасындағы ұйымшылдық пен белсенділік ерекше байқалып, жарыс жоғары деңгейде өтті.