Жамбылдық полицейлер жол ережесін бұзудың салдары қандай болатынын көпшілікке ерекше әдіспен ескертті. Мұндай шаралар апат санын азайтып, адам өмірін сақтауға бағытталған тағы бір маңызды қадам дейді. Акция барысында қарапайым жол ережелерін сақтамау қандай жағдайларға әкелуі мүмкін екенін нақты көрсетті.

Бұл шара қателіктің қаншалықты ауыр жағдайға әкелетінін еске салу мақсатында ұйымдастырылды. Қаланың орталық көшелерінде жол-көлік оқиғаларынан бұзылған автокөліктер мен мопедтер көрмеге қойылды. Апатқа түсіп майсып қалған темір мен сынған әйнектердің өзі жол қозғалысы ережелерін елемеудің салдарын үнсіз жеткізіп тұрғандай.