Қордай ауданындағы Мәтібұлақ полигонында әскери қызметшілер Т-72 қару-жарағынан жоспарлы атыс жаттығуларын өткізді. Жауынгерлік дайындық барысын Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Күшекбаев бақылады.

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы атысты тек бақылап қана қоймай, танк экипажының құрамында болды. Ол оператор-нысанашының орнына отырып, штаттық снарядтармен атыс жаттығуын жеке өзі орындады.