Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің думаны әлі де жалғасуда. Бүгін №5-ші «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» да Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті.
Мерекелік шарада әр бөлім өзіне тән түрлі ауыл мен аудан атауларын иеленіп, қазақи нақышта безендірілген сал – дәстүрді дәріптейтін көрмелер әзірлеген. Ұлттық тағамдардың сан түрі дайындалып, наурыз көже ұсынылып ақ дастархан кеңінен жайылды. Ұйымшыл ұжым қолөнер бұйымдары, тұрмыстық жәдігерлер, сондай-ақ бүркіт сияқты ұлттық құндылықтарды көпшілік назарына ұсынды. Мерекенің сәнін келтірген концерттік бағдарламада әсем ән мен күмбірлеген күй орындалып, орталық қызметкерлері биден шашу шашты. Айта кетейік аталған мекеме психоневрологиялық аурулары бар жандарға арнайы әлеуметтік, медициналық және психологиялық көмек көрсетеді.