Жамбыл ауданына қарасты Айшабибі ауылында қуанышты жаңалық. Бүгін мұнда 10 отбасыға жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды. Баспаналы болу – көпшіліктің арманы. Ал бұл күн – сол армандардың орындалған сәті.

Жаңа қоныс иелеріне кілт табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шараға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы қатысып, жылы лебізін білдіріп, тұрғындарды құттықтады.