Бүгін Таразда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Соттылығы бар екі қолға бір күрек іздеген жандарға бұл жақсы мүмкіндік. Іс-шараны азаматтарға Тараз қаласы Мансап орталығы мен Жастар ресурстық орталығы өткізуде.
Жәрмеңкеде 22 жұмыс беруші мекемеден 27 бос жұмыс орыны ұсынылды. Лауазымға лайық келетін маман бәріне бірдей кездесе бермейді. Десе де, қажетті қызметкерді табудан барлығы үмітті. Жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын іс-шараның мақсаты –түзеуден соң тізгінді босатпай тұрақты жұмыс табуға жәрдемдесу немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту.