Жамбыл ауданында Ұлттық мектеп лигасы аясында спорттық жарыссөз мәресіне жетті. Жүзден жүйрік атанып, оза шапқан үздіктер салтанатты түрде марапатталды. Айта кетейік, бұған дейін бір жыл бойы аудан мектептері 11 спорт түрі бойынша өзара кіл мықтыны анықтады.

Жарысқа 6500-ден астам оқушы қатысты. Олар футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, шахмат, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, үстел теннисі, асық ату және бес асық сияқты спорт түрлерінен сынға түсті. Салтанатты марапаттау рәсіміне аудан әкімі арнайы қатысып, жас спортшылардың еңбегін жоғары бағалады.