Visual Capitalist медиа-платформасы ең жоғары су тапшылығы бар елдердің картасын көрсетті. Қазақстан ең «жүктемесі жоғары» елдердің қатарына кірмейді. Дегенмен, бұл бағыт әуелден басты назарымызда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су мәселесі – ұлттық қауіпсіздік мәселесі деп атап, суды үнемдеу мен тиімді пайдалануды, трансшекаралық өзендерді басқаруды және жаңа су қоймаларын салуды басты міндет етіп қойды.
Қазақстанда ірілі-ұсақты 85 мың су айдыны бар. Бірақ, соның тең жартысы -трансшекаралық су. Шамамен 44 пайызы шет мемлекеттерден келеді. Қазақстан қазірдің өзінде суға зәру 68 елдің тізімінде тұр. 2040 жылға қарай мұқтаждық 50 пайызға артады деген болжам бар. Біздегі судың 65 пайызға жуығы ауыл шаруашылығына жұмсалады. Сондықтан, үнем әуелі тап осы бағытта күшейтіліп жатыр.