The National Interest журналына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды. Онда Мемлекет басшысы еліміздегі саяси реформалардың мәні мен негізгі мақсаттарына тоқталып, әр бастаманың мазмұнын жан-жақты түсіндірген. Сондай-ақ реформалардың ел дамуына қосар үлесі айқын көрсетілген. Президент олардың ұзақмерзімді стратегиялық маңызын ерекше атап өткен.

Бұл басылым халықаралық қатынастарға, сыртқы саясатқа және ұлттық қауіпсіздікке маманданған екі айда бір рет шығатын әйгілі американдық журнал. Мақалада еліміз саяси трансформацияның ең маңызды кезеңіне қадам басқаны, Жаңа конституция өскелең ұрпақтың бағдары, темірқазығы ретінде қызмет атқаратыны айтылған.