Тараздағы бейнекамералар тек жылдамдық, қауіпсіздік сынды дүниелерді ғана қадағалап қоймайды. Енді қоқыс тастағандар да бенебақылау жүйесі арқылы анықталып, айыппұл арқалайды. Қазірдің өзінде құзырлылар 300- ге жуық азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Алайда айыппұлдар бірден салынбайды. Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, бейнебақылау камералары арқылы анықталған құқық бұзушылардың жеке деректері нақтыланып, тұлға бірден сотқа жолданады. Жалпы, заң бұзғандарға бірқатар жаза қарастырылған. Олар 43 250 мың тг көлемінде айыппұл төлейді немесе бір аптаға жуық қоғамдық жұмыстарға тартылады.