Жабайы түйелер, бұғылар мен тауешкілер. Садақ атып, аң аулаған адамдар. Осы сынды суреттерді тек телефонннан емес, Байзақта тау бөктеріндегі қашалып салынған тастардан көруге болады. Қарасай мен Қамыстыбұлақ шатқалдарын әлемдік мұралар тізіміне қосу үшін, отандық археологтар зерттеуге кіріскен. Ал, Әулеаталық еріктілер тарихи- мәдени мекендерді, тазалап қорғауда.
2000 жылдары ғылыми айналымға еніп, ашылған 3 мыңнан аса петроглифтер. Тасқа қашалып салынған суреттер ерте темір мен ерте қола дәуіріне тиесілі. Бұл бейнелер сол кезеңдегі адамдардың дүниетанмы мен өмір сүру деңгейінен ақпар береді.