Арақтың арбауына маталып, шылымның түтініне тұншыққан талай тағдыр бар. Бірақ Жамбыл өңірінде бұл тұман сейіле бастады. Ішімдікке тұсау салынған ауылдарда тіршілік тазара түсті, тәртіп түзелді. Жыл басынан бері «арақсыз» ауылдарда құқық бұзушылық 15 пайызға кеміді. Ал мас күйінде жасалатын қылмыстар 17,9 пайызға азайған.

Өңірде «Қауіпсіз аула», «Арақсыз ауыл», «Есеп» секілді ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Нәтижесінде мас күйінде жасалатын қылмыстар айтарлықтай төмендеген. Жыл басынан бері полицейлер жүргізген рейд барысында 13 құқық бұзушылық анықталған. Оның 10-ы мас жүргізушілер. Бұдан бөлек, медициналық-әлеуметтік шаралар да қолға алынған. Арнайы емдеу мекемелеріне 15 адам мәжбүрлі түрде жіберіліпті.