Жасыратыны жоқ. Бүгінде әскерге баруды құр уақыт жоғалту деп санайтын жастар көбейген. Алайда, бүгінде ондағы жағдай бұрынғыдай қатал, тек тәртіп пен шектеуге құрылған орта емес. Керісінше, ол жас азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңына айналып келеді.

Әскерден кейін кез келген азамат ЖОО-на екі жыл ішінде ақылы негізде оқуға түсе алады. Ол үшін сұхбаттасудан өтсе жеткілікті. Бұл ретте ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі ескерілмейді. Ал қызмет барысында жауынгерлік тәртібі және дайындығымен үздіктер қатарынан көрінсе, оларға тегін оқуға мүмкіндік беріледі. Еліміздегі барлық жоғарғы оқу орындарына түсуге болады. Бұдан бөлек, Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздар әскерде келісімшарт негізінде жұмысқа орналасу жағы қарастырылған.