«Халық үнін еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың бірден бір тетігі болып табылатын қоғамдық кеңестер бүгінде көптеген олқылықтардың жолын кесіп, оқиғалардың оңтайлы шешілуіне ықпал етіп келеді. Мемлекеттік шешімдердің сапасын арттырумен қатар, азаматтардың басқару ісіне қатысуына мүмкіндік беріп отырған бұл ұйым жыл басынан бері біраз заң бұзушылықтарды анықтады. Қазір олар бойынша тиісті органдарға нұсқамалар дайындалуда.
Мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізіп, ашықтық пен пен есептіліктің болуын көздейтін қоғамдық кеңес мүшелерінің басты қағидаты – әр салада «адал азамат» бейнесін қалыптастыру. Бұл бастаманы табысты жүзеге асыру – әрбір азаматтың парызы дейді олар. Тек адалдық пен әділдік қағидаттарын берік ұстанған жағдайда ғана, дамыған, өркениетті һәм құқықтық мемлекет құрмақпыз.