Жол қозғалысы да бейнебақылауда. Мысалы, Жамбыл даңғылында қалыңдықты күйеу жігіттің үйіне алып бара жатқан автокөліктер кортежі өзгелердің өміріне қауіп төндіретін жол ережесін бұзғаны анықталған.

Тәртіп сақшылары тез арада Toyota, BMW, Mitsubishi, Volkswagen, Audi және Lada маркалы автокөліктердің 9 жүргізушісін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде, 13 әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған құқық бұзушылықтар қатарында апаттық жағдай туындату, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау, қиылыстардан өту ережелерін бұзу, сондай-ақ маневр жасау талаптарын бұзу сияқты заң бұзушылықтар бар. Бейнебақылау жүйелері осындай өрескел әрекеттерді дер кезінде анықтауға пайдасын тигізуде.