Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Таразда ауқымды сенбілік өтті. Сенбілікте шаһар тұрғындары бірігіп, 9 мыңнан астам ағаш көшетін отырғызды. Игі бастамадан аймақ басшылары да қалыс қалмай жұртпен бірге жұмыла ағаш егуге ат салысты.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы «Бәйтерек» шағынауданында салынып жатқан жаяу жүргіншілер аллеясына арнайы барып, ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты. Сол күні шаһардың әр бөлігінде жалпы 2 мың түп ағаш егілді. Бұл бастама қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындар үшін жайлы экологиялық орта қалыптастыруға негіз болмақ.