Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-інші Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттады. Италияда өткен жаһандық жарыста Ербол тарихи жетістікке жетіп, қос медальды ел қоржынына салған еді.
Тап осы Ақорда уәденің куәсі. Ербол президенттің алдында үш ай бұрын серт еткен еді. Сөзінде тұрды. Италияның төрінде ту көтеріліп, әнұран шырқалды. Бүгін Ербол Хамитов III дәрежелі «Барыс» орденінің иегері.