«Қош келдің, Әз-Наурыз» атты іс-шара Тараздың орталық алаңында өтті. Жамбылдықтар түрлі тақырыптағы киіз үйлерді аралап, ұлттық ойындар бойынша бақ сынады. Мерекелік думанға жиылған жұртшылықтың қарасы қалың болды.
Наурыз тойы «Жаңа күн» деп аталатын театрланландырылған көрініспен ашылды. Облыс әкімі ұлыстың ұлы күнімен баршаны құттыққтап, ақ тілегін арнады. Тұрғындар мен қонақтар арнайы концерттік бағдаламаны тамашалап, киіз үйлер қалашығын аралады. Ақ шаңқан 20-ға жуық қазақ үйдің бірі жасанды интеллект құрылғыларымен жабдықталған.