Ұлыстың ұлы күнінде күрделі жөндеуден өткен Меркідегі «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы пайдалануға берілді. Заман талабына сай жаңғыртылған ғимараттың ашылу салтанатына аудан атқамінерлері мен тұрғындар қатысты.
Мерекелік рәсімде аудан әкімі Ербол Жиенқұлов күрделі жөндеуден өткен балабақша тәрбиеленушілеріне жарқын болашақ, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, мекемеге панельді тақта сыйға тартты.