Облыста Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар легі жалғасып жатыр. Мәселен, бүгін Ш.Уәлиханов атындағы облыстық кітапханада «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты мерекелік кеш өтті.
Әз-Наурызды тойлауға кітапхана ұжымы жұмыла атсалысты. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі қыз ұзату, тұсау кесер сияқты құндылықтарымыз көрсетіліп, жиналған жастарға дәріптелді.