Тараздықтар «Ән аға-Жан аға» концертіне барып, Шәмші Қалдаяқовтың әндерімен сусындауына тамаша мүмкүндік. 27 наурыз күні Баласағұн сарайында Ш.Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясы өзінің есепті концертін өткізеді.
1996 жылы бұл мекемеге 300-ге жуық әндердің авторы Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік Әнұранымыздың авторы, Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді. 60 жылдан астам тарихы бар өнер ордасының мақсаты – музыка өнерін, Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау, оның бұрын жарияланбаған немесе көпшілікке беймәлім шығармаларын жарыққа шығару. Өнер мекемесінде 10 шығармашылық ұжым бар. «Ән аға-Жан аға» концертінің ерекшелігі: Ұлы композитордың еш жерде жарияланбаған, мұрағаттан табылған өмірдерегі мен шығармашылығы көрсетіледі. Әндерінің шығу тарихы баяндалады.