Жамбылда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы биылда жалғасын табуда. Бүгін Тараздық жастар «Самал» мөлтек ауданында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Наурыз айынан бастау алған көктемгі тазалық жұмыстары қазір еліміздің барлық өңірлерінде өткізілуде. Мәселен, бүгін 100-ге жуық Тараздық белсенді жас 7 шағын аудандағы «Денсаулық» саябағын күл-қоқыстан тазартты.