Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі қасиетті Рамазан айындағы «Қадір түніне» орай қайырымдылық өткізді. “Қамқор” атты акция Тараз қаласындағы 5-ші шағын ауданындағы жатақхана тұрғындарына көрсетілді.

Игі шара барысында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көп балалы аналардан тұратын 50 отбасыға азық- түлік себеттері табысталды.