Жамбыл обылсында барлық елді мекендер ауыз сумен 100% қамтылды. Бүгінде 353 елді мекен мен 4 қалаға тіршілік нәрі тоқтаусыз келіп тұр. Бұл – халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жобалардың нәтижесі. Жалпы, 2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған бұл бастаманы жүзеге асыруға аймақта 80 млрд теңге көлемінде қаражат жұмсалған. Нәтижесінде обылстағы барлық елдімекендер мен тұрғын алқаптары сапалы ауыз суға қол жеткізді.
«Біз жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл аса маңызды міндет. Үкімет су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологияларын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуі тиіс. Сондықтан өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырамын».
Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы Жамбыл облысында толық орындалды. Өткен жылы өңірде 13,9 миллиард теңгеге 24 ауылдық елді мекен мен 9 тұрғын алқапта ауыз су нысандарының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Тараз қаласында 5, Шу қаласында 4 ауыз су нысаны салынды. Нәтижесінде мыңдаған тұрғын сапалы ауызсуға қол жеткізді.