Тараз қаласындағы №495 референдум учаскесінде тіркелген азаматтар бүгін ерекше белсенділік танытқан. Ең алғашқы дауыс берушілер сағат жеті болмай жатып, учаскелерге келген, сондай-ақ әнұранды осындағы қызметкерлермен бірге шырқады.

495 учаске Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-гимназияда орналасқан. Аумақта 2358 адам дауыс беруге құқылы. 18 жасқа толған 4 азамат бірінші рет өз таңдауын жасаса, 6 адам үйден дауыс беруге өтініш қалдырған. Сағат 13 пен 14-тің аралығында екі комиссия мүшесі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың даусын алып келді. Дауыс беру процесі қалыпты өтті - дейді байқаушылар.