Тараз қаласында биыл 18 жасқа толған егіз қыздар референдумға қатысып, алғаш рет таңдау жасады. Қос қыз шаһардағы №26 референдум учаскесінде дауыс берді.

Анель және Адель Жұмақадірлер бүгін ел болашағы мен дамуы үшін өз таңдауларын жасады. Алғаш рет дауыс беріп отырған қос аруға сый-сияпат жасалды. Олар әр адамның дауысы Қазақстан үшін маңызды дейді.