Байзақ ауданында жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қыз баланың қоғамдағы орнын айқындау мақсатында тағылымы мол кездесу кеші өтті. «Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында өткен жиынға ардақты аналар, ұстаздар, қонақтар және оқушылар қатысты.
Байзақта өткен нәзік жандыларға арналған кеш барысында қазақ қыздарының болмысы мен тәрбиесі жайлы бейнеролик көрсетіліп, «Шашбаулым» тобы «Сылқым биін» билеп, кездесудің сәнін келтірді. Сонымен қатар 11-сынып оқушылары «Қыз дегенің – сенің анаң кешегі» атты өлең жолдарын оқыды.