Жамбыл облысында барлығы 513 референдум учаскесі бар, оның 21-і жабық. Қоғамдық байқаушылар 492 ашық учаскеде бақылау жүргізіп жатыр. Таңғы 07:00-ден бастап аймақтағы барлық учаске дауыс берушілерге есігін айқара ашты. Өңірде жалпы 721993 адам тіркелген. №28 Референдум учаскесінде алғышқылардың бірі болып, дауыс беруге келгендерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Аталаған №28 учаскеде 2401 адам тіркелген. Оның ішінде қазіргі уақытқа дейін 4 мүмкіндігі шектеулі жан үйден дауыс беруге өтініш білдірген.