Жыл басынан бері аймақта 104 өрт оқиғасы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда мамандар аз дейді. Алайда, қызыл жалыннан 2 адам түрлі жарақат алып, 1 адам қаза тапқан. Келтірілген шығын шамамен 10 миллион 200 мың теңге.

Өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторларында болған. Нәтижесінде 69 оқиға орын алған. Сонымен қоса, 35 автокөлікті қызыл жалын шарпыған. Мамандар басты себеп, электр қондырғыларының шамадан тыс жүктелуі, яғни электр сымдарының қысқаша тұйықталуы мен тұрғындардың бей-жай қарауынан болып отыр дейді.