Таразда білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы оқытудың заманауи тәсілдері талқыланды. Педагогтар мен білім беру саласының мамандары үш тілде оқыту барысында онлайн-платформалар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану тақырыбына арналған іс-шараға қатысты. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды қолданудың жаңа мүмкіндіктерін таныстырды.

Іс-шара барысында қатысушылар білім беруді цифрландырудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытудың тиімділігін арттыру үшін онлайн-сервистер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану жолдарын талқылады. Оқыту үдерісін интерактивті, қолжетімді әрі заманауи талаптарға сай етуге көмектесетін практикалық құралдарға ерекше назар аударылды.