Қордай ауданында халықаралық «Baby Tennis» бағдарламасы іске қосылды. Енді үш жастан асқан балалар теннис ойнауды үйрене алады. Бұл тек спорт емес, балалардың денесін шынықтырып, көңіл-күйін көтеріп, достарымен араласуына көмектесетін қызықты сабақ болмақ.
«Baby Tennis» бағдарламасы ойын түрінде өтеді. Балалар түрлі жаттығулар арқылы ептілікке, жылдамдыққа, тепе-теңдік сақтауды үйренеді. Сонымен қатар олар бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасап, өзіне деген сенімділігін арттырады.