Жуыр уақытқа дейін тек қиял-ғажайып болып көрінген дүниелер бүгінде күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Иә, жасанды интеллект білім беру, медицина және журналистика салаларында кеңінен қолданылып келеді. Журналистикада жасанды интеллект үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеуге, деректерді жылдам табуға, талдауға және тіпті жаңалық материалдарын дайындауға көмектеседі.

Дегенмен, барлық артықшылықтарына қарамастан, жасанды интеллектті қолдану бірқатар сұрақтарды тудырады. Технологиялар адамды толықтай алмастыра алмайтынын ұмытпау керек. Себебі адамда сыни ойлау, кәсіби этика және таратылатын ақпарат үшін жауапкершілік бар. Сондықтан қазіргі қоғамның басты міндеті – жасанды интеллект мүмкіндіктерін сауатты әрі қауіпсіз пайдаланып, технологиялық прогресті адамгершілік құндылықтармен және кәсіби стандарттармен үйлестіру.