Таразда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты бастау алды. Жарыс 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтуде.Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен мыңға жуық спортшы қатысып жатыр.
9 наурызда басталған жарыс бағдарламасына грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша 15 және 23 жас санаттары енгізілген. Белдесулер халықаралық күрес ережелеріне сәйкес өткізілуде. Ел біріншілігінің ашылу салтанатына аймақ басшысы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.