Таразда 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел жаны – өнер айнасы» атты көрме өтті. Көрмеге жергілікті 50 суретші мен қолөнерші әйелдің 200-ден астам туындысы көпшілікке ұсынылды.
Көрмеде суретшілердің кескіндеме, графика, акварельдік жұмыстары, жас суретшілердің арт-дизайн самаладан жасалған дүниелері қойылған. Қолөнер шеберлерінің зергерлік, тоқыма- сәнді қолданбалы өнердің әшекей бұйымдары, ұлттық нақыштағы әйелдер киім үлгілері, кестелеп тоқылған және қыштан жасалған жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды. Халқымыздың ұлттық құндылығын жаңғырту, қолөнершілер мен суретшілердің сондай-ақ жас дарынды азаматтардың әлеуетін арттыру - дейді ұйымдастырушылар. Бұдан бөлек, шығармашылық өнер адамдары арасында тәжірибе алмасу алаңы.