Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне мүлдем төзбеушілікті жас ұрпақтың бойына қазірден сіңіру қажет. Осы орайда, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті студенттерге арнап ашық есік күнін өткізді. Онда мекеме қызметкерлері тура жолданн тайып, қызмет бабын пайдаланып жасалатын жағымсыз әрекеттердің салдары мен зардабы жайында кеңінен түсіндіріп берді.
Жемқорлық - ұлттық қауіпсіздікке, келешек ұрпақтың болашағына, жалпы еліміздің өсіп-өркендеуіне қатер төндіретін құбылыс. Бұл әрекет әлеуметтік-экономикалық дамуды, нарықтық экономиканы құру мен инвестиция тарту процесін тежейді. Ол демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, елдің болашақ дамуына үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып белгіленген. Ашық есік күнінде студенттер Департаменттің жұмыс барысымен танысты. Аталған мекеме сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты қатаң бақылайды. Бұл ретте бағынысты қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда басшысы міндетті түрде қатаң тәртіптік жауапқа тартылатыны айтылды.