Еліміздің Оңтүстік өңірі солтүстікті тек жазда ғана емес,қыста да көкөніспен қамтамасыз ету керек. Үкіметтің ауылшаруашылығына ұстанып отырған саясатына орай Жамбыл облысында жаңадан салынып жатқан жылыжайлар қатары артып келеді. Қазірдің өзінде өңірде ірілі-ұсақты 180 жылыжай тіркелген. Әсіресе ауылда аула маңын тиімді пайдаланып, жұмыстарын жандандырып жатқан жандар жетерлік.

Ақтоған ауылында жылыжаймен айнасушылар жетерлік. Соның бірі ерлі-зайыпты Ақсәуле Тлеулиева мен Серік Әкішов. Аула маңын тиімді пайдаланып, 2024 жылы бұл іске бел шеше кіріскен олар өткен жылдың өзінде-ақ екі мәрте өнім жинап та үлгеріпті. Негізінен мұнда қияр өсірілуде. Былтыр көктемде 3 тонна ал, қыста 5 тоннаға өнім алған. Жақсы өсіп келе жатқан биылғы бақша дақылы мамыр айында пісіп-жетілмекші. Мұнымен де шектеліп қалуды жөн көрмеген шаруалар 5 сотық алқапты, тағы да 2 сотыққа кеңейтіп, аймақта таңсық- анар, банан, лимон, сынды жеміс түрлерін де отырғызыпты. Сонымен қатар Меркі өңірінде құлпынайда еккен.