Әулиеата өңірінде өзіндік қолтаңбасымен қжұртшылықтың жүрегін баулап алған нәзік жанды ақын қыздар аз емес. Соның ішінде шоқтығы биік шығыстың шынары, қазақтың «Ақ гүлі» атанып кеткен Күләш Ахметованың биыл 80 жылдығы. Туған күінде ақынның үйіне барып, бағышталған құранға қол жайған бір топ зиялы қауым өкілдері, оның шығармашылығы мен ғибратты ғұмырын еске алысты.
Қазақ поэзиясының дамуына өлшеусіз үлес қосып, нәзік лирикалық жырларымен қалың халықты баурап алған Күләш Ахметова 25 сәуір күні 80 жасқа толар еді. Туған күніне орай ақиық ақынның әруағына бағышталып жайылған дастархан басына жиналғандар оның өлмес жырларымен шоқтығы биік шығармашылығына тоқталды. «Өлді деуге бола ма, өлмейтұғын артында із қалдырған» демекші оның 80 жылдығына арналған іс-шаралар легі өткен аптаның өзінде басталып та кетті. Жер-жерлерде ақынға арналған поезия кеші өткізіліп жатса, Шоқан Уәлиханов атындаға әмбебебап кітапханасында жақында шыққан кітабының тұсау кесері де болып өтті. Сонымен қатар, «Ана мен бала» орталығының жетекшісі Элмира Мырзағалидың құрастыруымен ақынның бір шумақ өлеңі эпиграмма ретінде алынып, Жамбылдық нәзік жанды жас қаламгерлерге сәттілік тілеген «Інжу-маржан» атты кітап та жарық көрді.