Жамбыл жеріне Нидерланды Корольдігінен 40 мың дана қызғалдық тұқымы жеткізілді. Бұл жыл сайынғы дәстүрге сай Талас ауданы Есейхан ауылында өтетін «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалінде жүзеге асты. Жалпы, саны 6000 адам жиналған шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, шетелдік туристер, халықаралық сарапшылар, биологтар мен табиғат жанашырлары қатысты.
Дәстүр мен салтты дәріптейтін ашық аспан астында өткен ауқымды халықаралық фестивальде 20-дан астам ақшаңқан киіз үй тігіліп, мәдени-көпшілік, спорттық-бұқаралық іс-шаралар легі ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламаға сәйкес, әлемдік шараның әлқиссасы «Қызғалдақтың шығу тарихы» тақырыбындағы театрландырылған қойылыммен басталды.