Бүгін Таразда алғаш рет «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты форум өтті. Жиында көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздік, тұрғындармен кері байланысты күшейту және мүлік иелерінің бірлестігі мен пәтер иелері кооперативтерінің жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

«Аманат» партиясының «Тұрғындар аманаты» жобасы бірінші кезекте қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Бүгінде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелері әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды мәселе. Көпқабатты тұрғын үйлерді басқару ісіндегі ашықтықты күшейту, тұрғындардың сенімін арттыру және жаңа басқару мәдениетін қалыптастыру – негізгі міндеттің бірі.