Тараздағы ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік даярлау және қолдану оқу орталығына отставкадағы подполковник Елисей Тян қонаққа келді. Аталған бөлімшенің құрылу кезінде қызмет атқарған 90 жастағы ардагерді әскерилер құрметпен қарсы алып, бөлім аумағына экскурсия ұйымдастырылды.
Отставкадағы подполковник Тараз қаласында бұрын қызмет атқарған әскери бөлімдегі аэродромға келді. Ардагерді оқу орталығының әскери қызметшілері, тәжірибеден өтіп жүрген Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтының курсанттары да қарсы алды.