Сексеуілдің арасында жайқалған егін. Құмды алқаптағы қызу жұмыс Қызылорда облысында басталды. Батыл бастама Жалағаш ауданында «Harvest Agro» агроиндустриалдық кластерінің алғашқы кезеңі аясында таныстырылды. Ерекшелігі сонда, шөл даладан өнім алып қана қоймай, оны өңдеу, экспорттау жолында класстерлік жүйе дамытылмақ. Құмды алқапты – гүлді алқапқа айналдыратын жобаны енді Әулиеата өңірінде де іске асыру жоспарланып отыр. Осы орайда Жамбыл облысының арнайы делегациясы Сыр еліне барып, сексеуілді даладағы сирек бастаманы көзбен көрді.