23 сәуір - Ұлттық кітап күні. Осыған орай, Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық кітапханасында «Кітап – ұлттың рухани тірегі» атты тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы-Махметғали Сарыбеков пен студенттер қатысты. Басқосуда профессор өз өміріндегі кітаптың орны, білім мен ғылым жолындағы тәжірибесі туралы ой бөлісіп, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдары жөнінде құнды пікірлер айтты. Сонымен қатар, кітапхана қорына арнайы кітаптарды сыйға тартты. Кездесу барысында әндер шырқалып, кітапханашылар кітап пен руханият тақырыбында өлеңдер оқыды.