Қазақстанда тұрақты авиациялық отын өндіру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл мұнайдан емес, қайта өңделген шикізаттан алынатын жаңа энергия көзі болмақ. Осы бағыттағы жобалар елдің «жасыл» экономикаға көшуін жеделдетеді. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған бизнес форумда айтылды. Жиынға қатысушылар энергетика, технология және өндірістік кооперация мәселелері кеңінен талқылады. Халықаралық сарапшылар Қазақстанның жаһандық энергетикалық көшу үдерісіндегі рөлін жоғары бағалап отыр. Себебі елде табиғи газ қоры мол, ал жел мен күн энергетикасын дамытуға әлеует жеткілікті, дейді.