Менталды арифметика – балалардың ойлау қабілетін, зейіні мен есте сақтау қабілетін дамытатын әдіс. Бүгінде бұл бағытқа қызығушылық танытқан оқушылардың қатары артып келеді. Мәселен, Шудағы білім беру орталығында халықаралық жарыстарда топ жарған озат оқушылар оқуда.
Ойша есеп шығару мидағы нейрондар байланысына жақсы әсер етеді. Кейде менталды арифметика курсына баратын баланың барлығы арифметикалық тапсырмаларды орындауға қабілетті болмауы мүмкін. Оны да ескеру керек,- дейді сала мамандары.