Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында бақылау күшейді. Осыған сәйкес Қалалық жауапты мекемелер өкілдері «Ауыл Береке» және «Қайқармет» көтерме және бөлшек сауда орындарында кәсіпкерлермен кездесіп, баға белгілеу талаптарын түсіндірді.

Еереже қарапайым. Тауар үстемақысы 15% аспауы тиіс. Тауар бағасын міндетті түрде көрсету, азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе ет өнімдеріне тиісті құжаттардың болуы қажет екені ескертілді.