«Жасыл болашақ: балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастырудың тиімді жолдары». Осы тақырыпта Таразда семинар өтті. Жиында педагогтар экологиялық білім берудің тиімді әдістерін меңгеріп, балалардың жас ерекшелігіне сай білім беру жолдарын жетілдіру қажеттігін саралады.
Семинар барысында қатысушылар балаларға экологиялық тәрбие берудің заманауи әдіс-тәсілдерін таныстырды. Тәжірибелік жұмыстар, ойын, зерттеу әрекеттері арқылы білім берудің тиімді жолдарын талқылады. Сонымен қатар, табиғатты қорғау, ресурстарды үнемдеу және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру мәселелері кеңінен қамтылды. Айта кетейік, «Айсәуле» балабақшасында 2022 – 2026 жылдарға арналған экологиялық бағыттағы эксперименттік алаң жұмыс істейді. Мұнда «Гидропоника», «Флорариум», «Менің туған өлкем» жобалары жүзеге асырылып, балалар табиғи құбылыстарды бақылап, тәжірибелер жүргізеді. Шағын жылыжай мен метеоалаңда тәрбиеленушілер өсімдіктерді күтіп баптауды және ауа райын бақылауды үйренуде.