Облыста жекелеген құқық бұзушылықтардың толық тыйылмай отырғанына байланысты полиция қызметкерлері түнгі рейдтік іс-шараларды күшейтті. Шаралар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүргізілуде.

Рейдтік шаралар «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе жүзеге асуда. Жиын барысында қызметкерлердің дайындығы мен қызметтік жабдықтары тексеріліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктелді. Рейд барысында тәртіп сақшылары көшелер мен қоғамдық орындарды, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерін жіті бақылауға алады. Сонымен қатар, түнгі уақытта жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүруі де қатаң бақылауда.