23 сәуір күні «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз - қолөнершілер қаласы» фестивалі өтеді. Іс-шарада «Dombyra Party», киіз үйлер қалашығында концерттік бағдарлама, Алматы, Түркістан қалаларының, «Көркемсурет» галереясында шетелдік, «Қолөнершілер үйінде» жергілікті қолөнершілердің көрмесі, шеберлік сағаттары өткізілмек. .
Жылда дәстүрге айналған Фестиваль сағат 10.00-де басталып кешке дейін жалғасады. Көрмеге қолөнершілердің жасаған бұйымдары қойылады, сонымен қатар сахна алаңында ұлттық киімдердің сән көрсетілімі, «HasSak» қазақ этно-фольклорлық ансамблі, «Қоңыр» тобы, Наркенже Серікбаева және жергілікті өнерпаздардың қатысуымен гала концерт өтпек. Ал, «Көрме» залында «ASPARA FASHION WEEK» Халықаралық сән апталығының XVII-ші маусымының көрсетілімі ұйымдастырылады.