Биыл елімізде Президент тапсырмасымен 11 мың шақырым жол жөнделеді. Бүгінде «ҚазАвтожол» тарапынан республикалық маңызы бар тасжолдарда орташа және күрделі жөндеу жұмысы басталды. Әсіресе еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде жұмыс қызу. Бұл бағытта Жамбыл жолдарын жаңғыртуға 35 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.

Жамбылдың жолдары жазық даланы тіліп өтеді, тау үстіне де төселген. Соның бірі Жуалы жеріндегі «Ескі Күйік» асуы. Шымкенттен шығып, Таразға тартатындар осы жолмен ары қарай Алматы асады. Көрші мемлекеттердің де көліктері көп қатынайды.