100 теңге жолпұл төлемегендер – 8650 теңге айыппұл төлейді, яғни, 86 есе көп шығындалуы мүмкін. Жолақы автобусқа мінген соң бірден төленуі тиіс. Тараздағы қоғамдық көліктерде осындай талап енгелі он шақты күн болды. Бірақ, жолаушылардың дені бейхабар, бақылаушылар болса бейамал, қысқасы, талаптың қашан орындалары – беймәлім.
Жолақыны тексерер кезде автобустағы төлем құрылғысы бірден бұғатталады. Он күн бұрын 100-ғана автобуста болған бұндай жүйесі бүгінде қаладағы 400 қоғамдық көліктің барлығына енгізілген. Сағат күндізгі 11: 30 – дан бастап, 6-7 автобусқа кіріп, бақылаушылар төлемді бұғаттап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Талапқа сәйкес төлемді уақытылы төлемегендер анықталғанымен айыппұл салынбады.